Экономика • Бүгін, 11:49

Қазақстан экспорттайтын астық көлемі артқан

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізден экспортталатын астық көлемі 58,4%-ға артқан. Бұл оң көрсеткіш қазақстандық астықтың сыртқы нарықта жоғарғы сұранысқа ие екенін аңғартып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан экспорттайтын астық көлемі артқан

Фото: rail-news.kz

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы 10 шілдеге дейін жаңа өнім астығының экспорты 9,3 млн тоннаны құраған. 

Астықтың басым бөлігі тасымалданатын елдер қатарында:  Өзбекстан – 3,4 млн тонна (+32,8%), Тәжікстан – 1,3 млн тонна (+45,8%), Ауғанстан – 309 мың тонна (+49,2%), Қырғызстан – 238 мың тонна (+96%), Иран – 974 мың тонна (17,5 есеге өскен), Әзербайжан – 713 мың тонна (118,8 есеге өскен) мемлекеттері бар. 

Астық экспортының артуына жеткізу географиясының кеңеюі, логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі де әсер еткен.