Медицина • Бүгін, 15:00

Медициналық колледждерді биыл 29 мыңға жуық түлек тәмамдаған

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Медициналық колледждердің 28 мыңға жуық түлегі (96,5%) мемлекеттік емтихан тапсыру қорытындысы бойынша оң нәтиже алған. Сәтсіз емтихан тапсырушылар саны-1034. Республика бойынша білімді бағалау қорытындысы бойынша орташа балл 75,3 құраған, бұл – бағалау шкаласы бойынша «жақсы» деңгей,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Медициналық колледждерді биыл 29 мыңға жуық түлек тәмамдаған

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғары орташа балды Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі (85,9 балл), Ж.Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі (85,5 балл), Республикалық жоғары медициналық колледж (84,6 балл), «Мейр-Бейс» жоғары колледжі (84,2 балл), Балқаш қаласының медициналық колледжі (83,8 балл) көрсетті.

Аталған нәтижелер денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың тұрақты сапасын растайды.

«Қазақстанда мемлекеттік емтихан 16 маусым мен 2 шілде аралығында өткізілді. Қорытынды аттестаттаудан медициналық колледждердің 28 918 түлегі өтті, оның ішінде 25 (26,6 %) мемлекеттік және 69 (73,4 %) жекеменшік. Қазақ тілінде 20 856 түлек, орыс тілінде – 8062 түлек сыналды», деп мәлімдеді аталған министрлік.

ТжКБ түлектерін қорытынды аттестаттау екі кезеңде өтті: 100 тест сұрақтарынан тұратын тапсырма арқылы білімді автоматтандырылған түрде бағалау және 5 клиникалық немесе практикалық станцияда дағдыларды бағалау.