
Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 19 шілде күні сағат 02:00-ден 08:00-ге дейін жоспарланған. Уақыт аралығы пайдаланушылар белсенділігі ең төмен кезеңге сәйкес таңдалған, осылайша мүмкін болатын қолайсыздықтарды азайту көзделіп отыр.
Аталған кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистерге қол жеткізу уақытша шектеледі:
- eGov.kz порталы және eGov mobile мобильді қосымшасы (оның ішінде «Цифрлық құжаттар» сервисі);
- e-Otinish, E-license порталдары мен Ашық үкімет жүйелері;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервистері;
- «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және электрондық үкімет шлюзі арқылы біріктірілген өзге де мемлекеттік қызметтер.
— Ыңғайсыздықтардың алдын алу үшін қажетті операцияларды алдын ала аяқтап, техникалық жұмыс уақытына құжаттардың қағаз нұсқасын дайындап қою ұсынылады, — делінген ресми хабарламада.