Аймақтар • 18 Шілде, 2025

Мұнай компаниясы қызметкерлерге үш ай бойы жалақы төлемеген

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда 197 млн теңге жалақы қарызы қызметкерлерге қайтарылды, деп жазады Egemen.kz.

Мұнай компаниясы қызметкерлерге үш ай бойы жалақы төлемеген

Фото: ашық дереккөз

Ақтау қаласының прокуратурасы «Mangystau Oil Refining» ЖШС-де жалақы төлеу бойынша тексеру жүргізді.

2025 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында кәсіпорында 241 жұмыскерге жалақы төленбегені анықталды.

Жалпы берешек сомасы – 197 млн теңге. Жалақыны уақтылы төлемеген заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.