Есірткі • Кеше

Есірткі сатамын деп есі кеткен

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы күндері Ақмола облысында үш әйел есірткі таратқаны үшін тиісті жазаға тартылды. 28 жастағы Көкшетау тұрғыны мобильді қосымша арқылы есірткі сатқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есірткі сатамын деп есі кеткен

Аз уақыт әдіс-тәсілдерін меңгерген, кейін Астанаға тауар алуға барыпты. Жетекшілерінің айтуымен жасырылған жерінен есірткі толтырылған пакетті алып, Көкшетауға оралған. Есірткіні шақтап бөліп, бірнеше жерге жасырып қоймақшы болған. Әйтсе де жолы болмады. Полиция қызметкерлері бірден қолға түсірді. Осы әрекеті үшін 7 жылға сотталды.

19 жасар наркодиллер қылмыстық әрекетін бастасымен-ақ полиция қызметкерлерінің назарына ілікті. Көп ұзамай қолға түсті. Енді ол да жеті жыл жас ғұмырын қамауда өткізбек. Үшіншісі, жиырма жастағы Астана қаласының тұрғыны. Ол Астанада дәл осындай қылмыстық іспен айналысса керек. Көкшетауға келіп есірткі заттарын күні бұрын  келісілген жерге жасырмақшы болған кезде қолға түсті. Полиция қызметкерлері жолы болмаған наркодиллерден синтетикалық есірткі тәркіледі. Көкшетау қалалық соты оны  4,5 жылға соттады.  

Көкшетау.