Саясат • Бүгін, 12:12

Украина Ресейден 7 млрд доллар өндіріп алуды көздейді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украина Ресейден 7 миллиард доллар өндіріп алу үшін халықаралық арбитраж соттарына жүгінбекші. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский өзінің Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Украина Ресейден 7 млрд доллар өндіріп алуды көздейді

Фото: Shutterstock.com

Айтуынша, бұл мәселе «Нафтогаз Украина» компаниясының жаңа басшысы Сергей Корецкиймен бірге талқыланған. Зеленский халықаралық арбитражда Украина пайдасына 6,9 млрд доллар көлеміндегі бірнеше оң шешім қабылданғанын атап өтті.

«Бұл – Ресей мен «Газпромның» жауапкершілігін көрсететін, толықтай әділ шешімдер», деді президент.

Осыған байланысты 21 шілдеде украиналық дипломатиялық өкілдіктерге нақты тапсырмалар берілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін, маусым айында «Нафтогаз» Цюрихтегі арбитраж сотының шешіміне сүйене отырып, «Газпромнан» 1,37 млрд доллар талап еткен болатын. Компания бұл соманы ерікті түрде өтемеген жағдайда, ресейлік активтерді мәжбүрлі түрде өндіріп алу процедурасын бастайтынын мәлімдеген.

Сонымен қатар 2024 жылы Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль Ресейдің әскери әрекеттерінен келген шығынды өтеу үшін 1 трлн доллар талап ететінін айтқан. Оның сөзінше, соғыстан кейін елді толық қалпына келтіруге шамамен 14 жыл қажет.