
Іс-шараға 50 бала мен олардың жетекшілері қатысты. Саяхат барысында балалар табиғат аясында серуендеп, Көлсай өңірінің көркем көріністерімен, тау мен орман арасындағы ерекше экожүйемен танысты. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар тарапынан балаларға түскі ас пен жеңіл тағамдар ұсынылып, қауіпсіз әрі қызықты демалыс ұйымдастырылды.
Аталған экскурсия балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Қатысушылар сапардан жарқын әсермен оралып, жаңа білім мен жағымды эмоцияға бөленді.