
Фото: Qazsporttv
Еркін күрестен 61 келіден Асылжан Есенгелді қола медальге қол жеткізді.
Грек-рим күресінен 55 келі бойынша Марлан Мұқашев күміс жүлдегер атанса, Ержет Жарлықасын (63 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола медальдарьды еншіледі.
Сонымен қоса, әйелдер күресі бойынша 72 келі салмақ дәрежесіндегі Жәмила Бақбергенова күмістен алқа тағып, Нилуфар Раимова (57 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі) қола жүлделер иеленді.