Оқиға • Бүгін, 09:40

71 жастағы велошеруші Жезқазғанға аялдады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанды велосипедпен аралап жүрген 71 жастағы саяхатшы, теміржол саласының ардагері Жұмабай Отарғалиев Жезқазған қаласына аялдады. Ол Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің материалдық-техникалық базасымен танысып, студент жастармен жүздесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

71 жастағы велошеруші  Жезқазғанға аялдады

Жұмабай Отарғалиев бала күнінен спортты серік еткен. Қазіргі таңда ол еліміздің түкпір-түкпірін аралап, жас буынға салауатты өмір салтын насихаттап келеді.

Бұл жолғы сапары – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды. Орал қаласынан шыққан велошеруші Жидебайға дейінгі бағытта жүріп өтіп, ұлт ұясы – Ұлытауға аялдады.

«Ел аралап, жер көру – бала күнгі арманым еді. Велосипедпен алғаш рет 2017 жылы сапарға шықтым. Содан бері 100-ден аса елді мекенде болдым», дейді велошеруші.

Қатардағы зейнеткер 49 мың теңгеге алған велосипедімен бірнеше жылдан бері мыңдаған шақырымды артқа тастап келеді. Шалқардан Ақтөбеге дейінгі алғашқы сапары 4-5 күнге созылыпты. Содан бері велосипедін серік етіп, ел аралап келеді.

 

Ұлытау облысы