
Фото: aikyn.kz
Министрлік ұсынымдарының ішінде Цифрландыруды және индустрияны енгізуді жеделдету 4.0. бағдарламасы бар.
Кен орындары орналасқан шалғай өңірлердегі өнеркәсіптік кәсіпорындарды сенімді IoT-байланыспен және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету көзделген. Бұған тұрақты және тиімді жұмыс істеу үшін 5G технологиясын немесе спутниктік шешімдерді енгізу кіреді.
Экологиялық мониторинг үшін, оның ішінде шығарындыларды, судың ластануын және қоршаған ортаның жалпы жай-күйін нақты уақыт режимінде бақылау үшін жасанды интеллект негізінде сенсорлар мен шешімдерді белсенді енгізілмек.
Сондай-ақ, «Qarmet» компаниясының бас директоры Вадим Басин тау-кен және металлургия салаларында инновациялық технологияларды енгізу бағытында атқарылып отырған шаралады айтып берді.
2025-2028 жылдар кезеңінде компанияда өндіріс тиімділігін, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған бірқатар негізгі жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Көмір департаментін цифрландыру жобалары
аясында 2024 жылдың тамызында Көмір департаментінің диспетчерлік-талдау орталығы құрылған. Орталық сегіз шахтаның жедел мониторингін қамтамасыз ететін DMMS өндірісін басқарудың инновациялық қазақстандық жүйесімен жабдықталған. Жүзеге асыру басқаруды орталықтандыруға, өндірістік тәуекелдерді азайтуға және қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік берді.
2025 жылы зертханалық ақпараттық жүйе негізінде өнім сапасын бақылауды біртіндеп енгізу де жоспарланған.
Ауысым алдындағы медициналық куәландыру жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл өндірістік жарақат алу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
2026 жылы «Өркен» ЖШС темір рудасы департаментін жаңғырту және цифрландыру жұмыстары да қолға алынады.
Қазір техниканы тиеуді оңтайландыру және жедел жоспарлауды қамтамасыз ететін кеніштерді имитациялық модельдеу жүйесі әзірленіп жатыр.
Вадим Басин болат департаментінің цифрлық бастамаларында сөз етті.
«Қазіргі уақытта ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес ластаушы заттардың нақты шығарындылары туралы деректерді беру қамтамасыз етілуде. Экологиялық мониторингтің тиімділігін арттыру үшін жүйені кеңейту мәселесі пысықталып жатыр. 2025 жылдан бастап энергиямен жабдықтау параметрлерін жедел бақылау және кәсіпорындардың энергетикалық желілері мен жабдықтарының техникалық жағдайы мен жұмыс режимдерін бақылау мақсатында энергия ресурстарының шығынын есепке алу мен оңтайландыруды біртіндеп енгізу жүргізілуде», деді ол.
Ал 2025 – 2027 жылдар ішінде шикізат пен дайын өнімді нақты уақыт режимінде қадағалау мүмкіндігімен өндірістік үдерістерді автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.