
Фото: azh.kz
Биыл пайдалы қазбалар ресурсын іздеуге Үкімет 30 млрд теңге бағыттайды.
«Жер қойнауын геологиялық барлау көлемін арттыру үшін биылдан бастап қаржыландыру көлемін едәуір ұлғайтамыз. Біз жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру бойынша аукциондардан түсетін бонустардың қаражаттарын геологияны дамытуға бағыттау туралы шешім қабылдадық. Биыл бұл сома кемінде 30 млрд теңгені құрайды. Аталған қаржы көлемі әлі де арта түсетін болады. Қазіргі уақытта тиісті есептеулер жүріп жатыр», деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ премьер - министр өнеркәсіптік қуаттарды жаңарту мәселесіне де тоқталып, тау-кен металлургия кешенінің басымдықтарын белгілеп берді.
«Металлургтер мен кеншілердің еңбек қауіпсіздігін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Өнеркәсіп, экология, төтенше жағдайлар министрліктері ірі тау-кен металлургия кәсіпорындарымен бірлесіп, қолданыстағы өндірістерді жаңғыртуды, жаңа технологияларды енгізуді және еңбек қауіпсіздігі деңгейін арттыруды қамтамасыз етуі қажет», деді Үкімет басшысы.