Руханият • Кеше

«Оян, қазақ!» ізімен» экспедициясы жолға шықты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арқалық қаласындағы облыстық «Дала өлкесі тарихы» музейінің қызметкерлері Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Оян, қазақ» ізімен…» атты жолсапарға шықты, деп жазады Egemen.kz.

«Оян, қазақ!» ізімен» экспедициясы жолға шықты

Экспедицияға қатысушылар жолай Аманкелді ауданынна қарасты Тасты ауылының маңындағы Кейкі Көкембайұлының кесенесіне аялдап,  батырдың рухына дұға бағыштады.

Одан әрі Аманкелді кентіндегі А. Иманов атындағы мемориалдық музейге соқты. Үрпек ауылына барып, әлемге әйгілі Торғай геоглифтерінің тылсым сырына үңілді.

Экспедиция мүшелерінің айтуынша, сапардың басты мақсаты – Міржақып Дулатұлының кіндік қаны тамған Қызбел өңіріндегі Асқар күздігіне, алаш ардақтысының Бидайықтағы кесенесіне барып зиярат ету.

«Біз бұл сапарды көптен күтіп жүрген едік. Жоспар құрылған күннен бастап жүректе бір толқу, ерекше тебіреніс болды. Өйткені, бұл — киелі Торғайдың терең тарихына тағзым жасау, ұлт зиялыларының ізі қалған қасиетті мекенмен сырласу болатын»,  дейді «Дала өлкесі тарихы» музейінің басшысы Рауан Терек.

Тағылымды сапарға жергілікті кәсіпкер Ерден Социалұлы,  Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының басшысы Нұрлыбек Сапабекұлы сияқты азаматтар демеушілік жасаған.

Экспедиция енді Торғайға барып тоқтап, Ыбырай Алтынсарин, Нұрхан Ахметбеков, Шақшақ Жәнібек, Әліби Жанкелдин, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы сынды заңғар тұлғалардың музейлерін аралайды.

Қостанай облысы