
Фото: Shutterstock.com
Өндірістік аймақтарда жарақат алудың ең жоғары деңгей Қарағанды облысында тіркелген. Бұл облыста жартыжылдықта 61 адам жұмыста жарақат алған. ШҚО-да – 50 адам, Павлодар облысында – 44 адам, Атырау облысында – 40 адам, Ақтөбе облысында – 39 адам зардап шеккен. Сондай-ақ, Алматы қаласында 51 адам зардап шеккен.
Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптерінде – 18,1 % және құрылыс саласында – 9,2% анықталып отыр.
Жазатайым оқиғаға кім жазықты?
Министрлік қайғылы оқиғаға соқтыратын басты себепті өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (34,6%) деп атады. Сондай-ақ, жәбірленуші өзінің өрескел абайсыздығынан болған оқиғалар көрсеткіші - 32,9%, жол қозғалысы ережелерін бұзу - 8,6%, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу - 7,1 пайызға жеткен.
Еңбекті қорғау фактілерінің бұзылушылықтары бойынша құқық қорғау органдарына жазатайым оқиғаларды тергеудің 439 материалы жіберілген. Соның негізінде 139 қылмыстық іс қозғалған.
Жарақат алмаудың жолы қайсы?
Үкімет пен жауапты ведомоство өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу жолында кешенді жұмыстарды қолға алған.
Профилактика мен бұзушылықтың алдын алу мақсатында еліміздің 3262 кәсіпорны қауіпсіздік пен еңбекті қорғау стандарттарын енгізген.
2019 жылдан бастап Министрлік тарапынан «Нөлдік жарақат - Vision Zero» тұжырымдамасын жетілдіру бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Оған бүгінде 605 кәсіпорын қосылған.
Құрылыс объектілерінде бас мердігердің объектідегі еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша барлық қосалқы мердігерлерге жауапкершілігі, қадағалауын көздейтін бақылаудың тікелей моделін енгізу бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Бұл бақылау моделін республиканың 318 кәсіпорны енгізген.
Сонымен қатар, «Онлайн еңбек консультанты» электронды сервисі іске қосылған. Ол жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында қашықтықтан өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін еңбек заңнамасы сақталуының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сервис жұмыс берушінің еңбекті қорғау талаптарының сақталуын өзіндік тексеруден өтуін қарастырады. Сервис іске қосылғалы бері 42 977 жұмыс беруші оны пайдаланған.