Денсаулық • Кеше

Елімізде 677 МСАК нысаны жұмыс істейді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) орталығының директоры Айгүл Қасымова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Елімізде 677 МСАК нысаны жұмыс істейді

Фото: ОКҚ

Биылғы жылдың басында тіркелген халық саны 20,3 миллионнан асқан, бұл көрсеткіш – 2023 жылдан бері тұрақты өсіп келе жатыр және аталған динамика қалада да, ауылдық жерлерде де сақталып тұр.

Спикердің айтуынша жұмыс істейтін 677 МСАК нысанының 62 пайызы қалада, 38 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан.

«Сонымен қатар, мемлекеттік ұйымдар тіркелген халықтың 75 пайызына, яғни шамамен 15 миллион адамға қызмет көрсетсе, жекеменшік ұйымдар – 25 пайызына немесе 5 миллион адамға қызмет көрсетеді», деді А.Қасымова.

Айтуынша, кадрмен қамтамасыз ету бойынша оң динамика байқалады. Жалпы практика дәрігерінің (ЖПД) қамтылуы – 87 пайыз, орта медициналық персонал – 81 пайыз, терапевттер мен педиатрлар – 84-85 пайыз.