
Фото: Ақорда
Бұған дейін Ресейдің Амур облысында Ан-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған едік.
Апатқа ұшыраған әуе кемесі «Ангара» әуе компаниясына тиесілі болған. Ол Хабаровск – Благовещенск – Тында бағыты бойынша рейс орындаған. Ұшақ Тында қаласына қону кезінде апатқа ұшыраған. Әуе кемесі әуежайға бірнеше шақырым қалғанда радиобайланысқа шықпай қалған. Алғашқы қону әрекеті сәтсіз аяқталып, ұшақ екінші айналымға кеткеннен кейін радардан жоғалып кеткен. Кейін белгілі болғандай, әуе кемесі таулы аймақтағы бір жотаның етегіне соғылып, жерге құлаған.
Ресми деректерге сәйкес, ұшақ бортында 49 адам болған, олардың алтауы экипаж мүшелері, қалған 43-і жолаушылар, оның ішінде бес бала бар.