Ауа райы • 24 Шілде, 2025

Тамызда қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы тамызда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болатынын хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тамызда қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін

Жаздың соңында еліміздің оңтүстігінде құрғақшылық қаупі жоғары күйінде қалмақ. Алдын ала есептеулерге сәйкес, 2025 жылдың тамызында мына өңірлерде орташа құрғақшылық күтіледі:

  • Батыс Қазақстан облысы – Жаңақала және Қаратөбе аудандарында;
  • Ақтөбе облысы – Шалқар және Ырғыз аудандарында;
  • Қостанай облысы – Амангелді және Жангелдин аудандарында;
  • Қарағанды облысы – Ақтоғай және Шет аудандарында;
  • Абай облысы – Аягөз және Үржар аудандарында;
  • Алматы облысы – Балқаш, Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарында;
  • Жетісу облысы – Қаратал, Панфилов, Кербұлақ және Алакөл аудандарында;
  • Қызылорда облысы – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласында;

Сонымен қатар Жамбыл, Түркістан және Ұлытау облыстарының басым бөлігінде.

Ал орташа ылғалды жағдайлар мына аймақтарда болжанып отыр:

  • Павлодар облысы – Ақтоғай және Железин аудандарында;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – Жамбыл және М. Жұмабаев аудандарында.

Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы нормаға жуық деңгейде болады деп күтіледі.