
Фото: Ашық дереккөз
Жергілікті биліктің мәліметінше, екі адам қаза тауып, отызға жуық адам түрлі жарақат алған. Қауіпті аумақтардан тұрғындар мектептерге, әкімшілік ғимараттарына, кітапханалар мен жеке үйлерге көшіріліп жатыр.
Өртті сөндіруге Иордания, Египет және Испания мамандары көмектескен.
Қатты жел мен аптап ыстық тілсіз жаумен күресті қиындатып отыр. Облыста ауа температурасы +44 градусқа дейін жылыды. Билік ауа райының қауіпті деңгейін «қызыл» деп жариялады.