Мәдениет • Кеше

1500 студент мәдениет саласындағы байқаулардың жеңімпазы атанды

30 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында мәдениет саласындағы білім беру жүйесі жаңа жетістіктерге жеткен. Мәдениет және ақпарат министрлігі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден бастап, колледждер мен жоғары оқу орындарына дейін айтарлықтай нәтижелер көрсеткенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

1500 студент мәдениет саласындағы байқаулардың жеңімпазы атанды

Фото: s87.org.ru

Министрлікке қарасты ұйымдардың 30-дан астам білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге сәтті аккредитациядан өткен. 2025–2026 оқу жылына министрлікке қарасты жоғары оқу орындары мен колледждерге мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 1647 грант бөлінген.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы дайындық бағыттары бойынша жоғары оқу орындарының сұраныс рейтингісінде 1-орынды иеленген. Қазақ ұлттық өнер университетіне Күләш Байсейітова есімі берілді.

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің бас ғимаратының қайта жөндеу жұмыстары аяқталды. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы үшін жаңа жатақхана құрылысының жобасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырыла бастады. Сонымен қатар, инвестициялар есебінен үш жаңа мектеп-интернат салу мәселесі қарастырылып жатыр. Қазіргі заман талаптарына сай жаңартылған мектеп-интернаттардың жобалық құжаттамаларын әзірлеу үшін техникалық тапсырмалар дайындалды.

Алғашқы жартыжылдықта 80-нен астам шеберлік сабақ, 66 көрме, 8 халықаралық фестиваль өткізілген. Сонымен қатар 25-тен астам халықаралық ынтымақтастық туралы жаңа келісім жасалды.

Жоғары оқу орындар, колледждер мен мамандандырылған мектептерде білім алып жатқан 700-ден астам  бала республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты атанды. Олардың қатарында:

- Т.Жүргенов атындағы академиясынан 175 студент;
- К. Байсейітова атындағы Республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернатынан  275 оқушы;
- К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінен 122 студент;
- П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінен 15 студент бар.

Биылғы жартыжылдықта ауқымды халықаралық және республикалық іс-шаралар ұйымдастырылды:

- «Tyrki Duníesi» III Халықаралық студенттік театр фестивалі,
- «ӨРЛЕУ» IX Халықаралық хореографиялық оқу орындары байқауы,
- X EURASIA PIANO FORUM,
- 46-Республикалық орындаушылар байқауы.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы екі халықаралық фестиваль ұйымдастырды. Атап айтсақ, «ULY DALA ÚNI» I халықаралық вокалды-хор музыкасы фестивалі және «КӨНЕ АСПАПТАР ШЕРУІ» ежелгі музыкалық аспаптар фестивалі. Жүргенов атындағы өнер академиясы 8 елдің университеттерімен бірлескен «Playing Memories» халықаралық жобасына қатысып жатыр.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында білім алатын 1448 өнерпаз республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдерде жүлделі орындарға ие болған:

- К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінен – 572  студент;
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясынан – 127 студент;
- Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынан – 148 студент  бар.

Сонымен қатар  87 жас өнерпаз республикалық байқаулардың лауреаттары атанса, 36 бала халықаралық байқаулардың лауреаты атағын жеңіп алды.
Олардың ішінде:

- III Республикалық «Dialogue of cultures - 2025» аспаптық орындаушылар байқауы;
- «Серпер» I Республикалық байқауы;
- «Кантилена» Халықаралық аспаптық орындаушылар байқауы;
- «Дарындылар галереясы» V Халықаралық шығармашылық интернет-байқауы;
- «Fanny Mendelssohn International Competition» Халықаралық байқауы және т.б. бар

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше