Заң • 25 Шілде, 2025

Қазақстандықтарды алдап соққан алаяқ Мысырда ұсталды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күдікті бұған дейін халықаралық іздеуде болған. ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Мысыр астанасы Каир қаласында қолға түскен азамат Шымкентке жеткізілген, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандықтарды алдап соққан алаяқ Мысырда ұсталды

Фото: polisia.kz

ІІМ мәліметінше, айыпталушы ер адам 2023 жылы өзгелермен сөз байласып, жәбірленушілердің атына автонесие рәсімдеп, кейіннен үшінші тұлғаларға сатып отырған. Осы қылмысқа қатысты полицияға 105 азамата шағым түсірген. Күдікті жәбірленушілерге бас-аяғы 1,5 миллиард теңге шығын келтірген. 

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Енді күдіктінің ісі190-баптың 4-бөлігі – аса ірі көлемде жасалған алаяқтық, 262-баптың 1-бөлігі – ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу, 217-баптың 1-бөлігі – қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету баптары бойынша тергеледі. 

 

Соңғы жаңалықтар

Кәсібін кеңейткен кәсіпкер

Кәсіпкер • Бүгін, 08:30

Еңбекпен ырысын еселеген әулеттер

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:25

Екі ауыл балаларының қуанышы ерекше

Келешек мектептері • Бүгін, 08:22

Заманауи кешен ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:20

Еларалық жолдың сапасы жақсарды

Аймақтар • Бүгін, 08:18