
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Қызылорда облысында «Қазсушардың» жергілікті филиалы диқандармен су беру бойынша 1 015 келісімшарт жасасқан. Бүгінде облыста 126,6 мың гектар жер суарылып, жалпы су жіберу көлемі 2,766 млрд текше метрді құрап отыр.
Түркістан облысында су пайдалану көлемі – 3,01 млрд текше метр, ал суарылған алқаптардың ауданы – 367,9 мың га. «Қазсушардың» жергілікті филиалы шаруалармен су беру бойынша 9 608 шарт жасасқан. Егіс алқаптарын қосымша су көлемімен қамтамасыз ету үшін Сауран ауданында 72 тік дренажды ұңғыма пайдалануға берілсе, Ордабасы ауданында 17 тік дренажды ұңғыма жөнделген.
Жетісу облысында бүгінде су беруге 7 492 шарт жасалған. Өңірдегі жалпы су алу көлемі шамамен 673 млн текше метр, вегетация кезеңі басталғалы бері 103,8 мың га жер суарылған. Сонымен қатар 17 мың гектарға ылғалдандыру жұмысы жүргізілді.
Жамбыл облысында су алу көлемі – 588,6 млн текше метр, суарылған егістік көлемі – 66,6 мың гектар, су беру бойынша 3 872 келісімшарт жасалған.
Алматы облысында нақты су алу 631,4 млн текше метр. Вегетация кезеңі басталғаннан бері өңірде 128,4 мың га жер суарылған. Кәсіпорын су беру бойынша 2 740 келісімшарт жасасқан.
Егіс алқаптарына суды тиімдірек жеткізу үшін еліміздің барлық облысындағы «Қазсушар» филиалдары тарапынан 780 км ирригациялық каналға механикалық тазарту жүргізілген. Сондай-ақ 78 гидротехникалық нысан жөнделген.