
Фото: Ашық дереккөз
Ұлттық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, соңғы тәулікте елдің кейбір аймақтарына түскен жауын-шашын салдарынан тағы 8 адам қайтыс болған. Осылайша, жалпы қаза тапқандар саны 279-ға жеткен.
Елдің солтүстік-шығысындағы Пенджаб провинциясы табиғи апаттан қатты зардап шеккен. Мұнда 151 адамның қазасы тіркелген.
Сонымен қатар 1500-ден астам үй бүлініп, мүлікке айтарлықтай залал келген. Құтқару және қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.