Аймақтар • Кеше

Атырау облысында 800-ден астам адамға рақымшылық жасалады

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы прокуратурасының үйлестіруімен қоғамға қауіпті құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу үшін пилоттық жоба іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында 800-ден астам адамға рақымшылық жасалады

фото: taspanews.kz

Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, пилоттық жобаның нәтижесінде қылмыс деңгейі 22%-ға (2 494-тен 1 939-ға дейін) төмендеген.

«Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңын өңірде 800-ден астам жазасын өтеушіге қолдану жоспарланып отыр. Қазір бұл заң 25 жазасын өтеушіге және 16 сотталушыға қолданылды», деп хабарлады облыстық прокуратурадан.