
Фото: Ашық дереккөз
«Біз Иранның ядролық мүмкіндіктерін жойғанбыз. Олар қайтадан іске қоса алады, бірақ егер ондай әрекетке барса, біз олардың нысандарын саусағын көтеріп үлгермей жатып жоямыз», деді Трамп.
Осы мәлімдемеге жауап ретінде Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи 21 шілдеде Fox News арнасына берген сұхбатында Тегеран уран байытудан бас тартпайтынын айтқан.
«Біз бұл жұмысты уақытша тоқтаттық, себебі шығын көп болды. Бірақ бұл біздің ғалымдарымыздың жетістігі әрі ұлттық мақтанышымыз. Сондықтан оны тоқтату мүмкін емес», деді ол. Сондай-ақ болашақтағы кез келген ядролық келісімде Иранның уран байыту құқығы сақталуы керек екенін жеткізді.
28 шілдеде Иранның сыртқы істер министрі әлеуметтік желіде (X, бұрынғы Twitter) тағы бір мәлімдеме жасап, егер Иранға қарсы шабуылдар қайталанса, жауап қатаң әрі нақты болатынын ескерткен.
«Біз бұған дейін де уран байытуды жалғастырып келдік және мұны тоқтатпаймыз. Біздің ядролық бағдарламамыз қанмен, маңдай термен, көз жасымен құрылған. Бұл технология мен білімнің жемісі. Мұны ешқандай бомба жоя алмайды», деп жазды министр.
Айта кетейік, 22 маусымға қараған түні АҚШ әскери күштері Иранның үш ядролық нысанына Фордо, Натанз және Исфахан қалаларындағы объектілерге әуе соққы жасаған. Трамп бұл шабуылдар кезінде Иранның негізгі ядролық инфрақұрылымы жойылғанын мәлімдеген болатын. Алайда Иран билігі нысандарда ауыр зақым болғанымен, орны толмас шығын жоқ екенін хабарлаған.