Аймақтар • Кеше

Абай облысының шаруаларына 47,2 млн текше метр су берілді

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазсушар» РМК жергілікті филиалы шаруа қожалықтарымен суармалы су беру бойынша 355 келісімшарт жасасты. Аймақта «Қазсушар» филиалының су шаруашылығы нысандары Үржар, Жарма, Көкпекті, Ақсуат аудандарында орналасқан, деп жазады Egemen.kz

Абай облысының шаруаларына 47,2 млн текше метр су берілді

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Биыл жоңышқаны бір рет орып үлгерген шаруалар қазіргі уақытта екінші рет суарып жатыр. Өңір диқандары кәсіпорын мамандарына вегетация кезеңі басталғалы суды уақытылы жеткізіп отырғаны үшін алғыс білдірді.

«Жоңышқа өсіріп жүргеніме 5-6 жыл болды, жақсы өнім алып, мал ұстап отырмын. Су тұрақты түрде келіп тұрады, «Қазсушар» өз жұмысын жақсы атқарып жатыр», дейді шаруа Өмірбек Рақышев.

«50 гектар жерге жоңышқа өсіремін, жалпы өнім жаман емес. Суды Қарғыба өзенінен аламыз. Су ресурстары министрлігі техникамен жұмыстар жүргізіп, қазір су жақсы беріліп жатыр», деді шаруа Әділбек Амантайұлы.

Сала министрлігінің мәліметінше филиал су беретін суармалы жерлердің жалпы көлемі – 70,2 мың гектарды құрайды. Өңірде негізінен дәнді дақылдар, көпжылдық шөптер, көкөністер, күнбағыс, картоп, соя, жүгері бақша дақылдары өсіріледі.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Кеше