Елорда • Кеше

Jennifer Lopez-дің Астанадағы концертіне арнайы автобустар қатынайды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1-тамыз күні елордадағы «Астана арена» стадионында америкалық әнші Jennifer Lopez-дің концерті өтеді. Осы күні қаладағы кептелістердің алдын алу мақсатында шаттл-автобустар қатынайды, деп жазады Egemen.kz.

Jennifer Lopez-дің Астанадағы концертіне арнайы автобустар қатынайды

Фото: gov.kz

16: 00-ден бастап қатынайтын автобустар жолаушыларды Астананың 5 нүктесінен жинайды: 

Астаналық цирк автотұрағы;
• «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;
• «QAZAQSTAN» спорт кешенінің автотұрағы;
• Орталық саябақ (Тұран даңғылы жағынан) автотұрағы;
• «Бас мешіт» автотұрағы.

Арнайы автобустар концерт басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін екі бағытта қатынайды.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Кеше