Білім • Кеше

Қазақстанда Түркияның Гази университетінің филиалы ашылады

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл келісім Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына ресми сапары аясында жасалған, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда Түркияның Гази университетінің филиалы ашылады

Фото: studyinturkey.net

Түркиялық жоғары оқу орнының филиалы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде ашылады. 

«Қазіргі таңда біздің 12 мыңнан астам студентіміз Түркияда, ал 300 түрік студенті Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Осыған қолдау көрсеткені үшін Түркия Президенті мен Үкіметіне ризашылығымды білдіремін. Ұзақ жылдан бері Түркістан төрінде Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті табысты жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің жанынан Түркияның озық білім ошақтарының бірі – Гази университетінің филиалы ашылмақ», деді Мемлекет басшысы Түркия сапарында.

Енді Қазақстан мен Түркия арасындағы білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестік жаңа деңгейге көтеріледі. Ғылым және жоғарғы білім министрлігі бұл халықаралық білім кеңістігіндегі маңызды серпіліс екенін атап өткен.

Айта кетейік, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ – 1937 жылы құрылған, еліміздің оңтүстік өңіріндегі педагогикалық кадрларды даярлайтын іргелі оқу орны.

Сондай-ақ, Гази университеті – 1926 жылы негізі қаланған жетекші университеттерінің бірі. Ол білім беру, ғылым, медицина және өзге де бағыттар бойынша жоғары деңгейдегі мамандар даярлайды.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Кеше