Әлем • Кеше

ChatGPT-ге оқыту режімі енгізілді

70 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

OpenAI компаниясы ChatGPT жүйесіне оқыту режімін іске қосты. Бұл мүмкіндік студенттерге дайын жауап берудің орнына, ойлануға, сұрақтың мәнін түсінуге, дұрыс шешім табуға көмектесуді мақсат етеді. Енді ЖИ бірден жауапты айтпайды керісінше, пайдаланушыны бірнеше кезеңмен ойлау, нақтылау сұрақтарын қою және шешімді өз сөзімен түсіндіруге бағыттайды, деп жазады Egemen.kz.

ChatGPT-ге оқыту режімі енгізілді

Мысалы, студент емтиханға дайындалып отыр делік. Бұрын ол ChatGPT-ке сұрақ қойса, тікелей жауап алып отырған. Енді жаңа режімде ЖИ: «Бұл сұрақта не айтылып тұр деп ойлайсың?» «Қандай нұсқалар бар, сен неге біреуін таңдадың?», «Сенің шешіміңнің себебі қандай?» деген сияқты сұрақтар қойып, ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.

OpenAI бұл мүмкіндікті мұғалімдермен, ғалымдармен, студенттермен бірлесіп жасаған. Жоба «ChatGPT зертханасы» деген бастама аясында жүзеге асқан. Онда студенттер ЖИ-ді қалай қолданатынын айтып, пікір бөлісіп отырған.

OpenAI-дың білім жөніндегі вице-президенті Лия Бельски: «Егер ChatGPT-ті репетитор сияқты қолданса, ол студенттің білімін шынымен жақсартады. Ал дайын жауап үшін пайдаланса – оқуға кедергі келтіреді», дейді.

Компания бұл режімді студенттердің көшіруге емес, үйренуге бағытталуы үшін жасап отыр. Себебі қазірдің өзінде әрбір үшінші студент ChatGPT қолданады.

Жаңа функция тегін қолданушыларға да, Plus/Pro/Team нұсқаларын пайдаланушыларға да қолжетімді. Жақын күндері ChatGPT Edu жүйесіне де енгізіледі.

Бұл жаңалық OpenAI басшысы Сэм Альтманның болашақта университеттер маңызын жоғалтуы мүмкін деген мәлімдемесінен кейін жарияланып отыр. Ол ЖИ дамыған сайын оқу жүйесі де мүлде басқа болатынын айтады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Кеше