Тағзым • 31 Шілде, 2025

Ескерткіш тақта орнатылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайдағы Сырбай Мәуленов атындағы мектеп-гимназияда көрнекті ақынға арналған мемориалдық тақта орнатылды. Іс-шара барысында ақын, драма­тург Ақылбек Шаяхмет Сырағаңның Қостанайда қызмет еткен кезеңдерінен сыр шертсе, ақынның ұлы, заң ғылымдарының докторы Қасым Сырбайұлы мектеп ұжымына, шәкірттерге табыс тілеп, ризашылық білдірді.

Ескерткіш тақта орнатылды

Кезінде Сырағаңның әңгімесін көп тың­даған, қолына су құйып, дәмдес болған ақын Ақылбек Қожаұлы қа­лам­гер­­­­­дің шығармашылығы мен қызметіне кеңінен тоқталды.

«Сырбай Мәуленов – қазақ поэзиясында ерекше із қалдырған, ұлт өлеңіне жаңа форма әкелген ғажа­йып лирик ақын. Сұрапыл соғыс жылдары өзіміздің қарашаңырақ – бұрынғы «Большевиктік жол», қазіргі «Қостанай таңы» газетінде редактордың орынбасары болып қызмет атқарды. Елге сіңірген еңбегі зор еді. Ол кісінің өмірі өлмес шығармаларымен, осы гим­назиядағы жас ұр­пақтың білімімен жалғасып жатыр. Бүгінгі оқиғаның мәні терең. Ағамыздың ру­хы бір аунап түсіп жатқан шығар», деді ақын.

Еске алу кешінде Қасым Сырбайұлы өз атынан гимназия басшылығына, ұс­таз­дарға, білім ордасын үздік тәмамдаған бірнеше түлекке алғысхат табыс етті. Іс-шара гим­назияның мәжіліс залында жалғасын тауып, көпші­лік Сырбай ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильмді тамашалады.

 

Қостанай облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Экономика • Бүгін, 09:15

Алатау аласарған күн...

Тағзым • Бүгін, 08:52

Ел мақтанышы болып қалады...

Тағзым • Бүгін, 08:43

Рухтың биік бейнесі

Тағзым • Бүгін, 08:38

«Осмийді алған – осы кісі»

Ғылым • Бүгін, 08:30