Күрес • Кеше

Жас балуан жаһан жеңімпазы атанды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Афина (Грекия) қаласында U17 әлем чемпионаты өтті, деп жазады Egemen.kz.

Жас балуан жаһан жеңімпазы атанды

Фото: Qazsporttv

Қазақ балуаны Жанажол Қуанышбек 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық белдесуде Қырғызстан өкілі Нұркерім Құмарбековті ұтып, жеңіс тұғырының ең биігінен көрінді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы өкілдері арасынан Нұрдәулет Құмарұлы (48 келіге дейін) және Нұрали Асқар (55 келіге дейін) күміс медаль иегерлері атанса, Шамиль Досбол (65 келіге дейін) қола жүлде иеленген.