Өндіріс • 31 Шілде, 2025

Өнеркәсіп өндірісі жарты жылда 6,5%-ға өсті – Роман Скляр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде Мемлекет басшысы жүктеген өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларындағы міндеттердің орындалу барысына арналған Үкіметтің баспасөз мәслихаты өтті. Жиында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр нақты сектордың даму көрсеткіштерімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнеркәсіп өндірісі жарты жылда 6,5%-ға өсті – Роман Скляр

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Роман Склярдың айтуынша, 2025 жылдың алғашқы алты айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 28,9 трлн теңгені құрап, 6,5%-ға өскен.

«Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 13,7 трлн теңгеге өнім өндірді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5,5%-ға жоғары. Өңдеуші сектордың елдің Жалпы ішкі өнімге қосқан үлесі - 12,4%», деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.

Оның хабарлауынша, өсім машина жасау (+11,1%), химия өнеркәсібі (+7%), құрылыс материалдарын өндіру (+8,6%) және азық-түлік өндірісі (+10%) салаларындағы белсенділік есебінен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, биыл жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 190 жоба іске қосылады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта 196 млрд теңгенің 47 жобасы пайдалануға беріліп, 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025