
Коллаж kursiv.media
Оның айтуынша, аталған заң өзгерісі тұрғын үй сатып алушыларға теріс әсер етпейді.
«Бізде тұрғын үй құны нарықтық әдістермен реттеледі. Алайда, жеке құрылысшылардан тұрғын үй сатып алатын тапсырыс беруші ретінде мемлекеттің араласуы 10 жыл ішінде өзінің тиісті әсерін беріп келеді. Бізде тұрғын үй бағасы қатты қымбат емес. Мен «бизнес» немесе «элита» класс сегментін емес, эконом кластағы тұрғын үйді айтып отырмын. Оның бағасы өзіне лайық, Біз мұнда бағаның күрт өзгерістерге ұшырап жатқанын көріп отырған жоқпыз. Жаңа Салық кодексінің қабылдануына байланысты ірі құрылыс компаниялары бизнесті бөлшектеп, үлкен пайда табатын тәжірибе жойылатын болады», деді Роман Скляр.
Сонымен қатар, вице-премьердің мәліметінше, биыл Қазақстанда 19 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Ол тұрғын үй құны жобалау-сметалық құжаттарға және мемлекет тарапынан әлеуметтік санаттағы азаматтарға ұсынылатын бағдарламаларға байланысты қалыптасатынын атап өтті. Мысалы, «Бақытты отбасы» немесе «Наурыз Жұмыскер» секілді бағдарламалар осы санатқа жатады.