
Фото: malim.kz
Оның айтуынша, респонденттерден алынатын ақпарат тек жалпыланған түрде өңделіп, аграрлық саланың жағдайын талдауға ғана қолданылады. Деректер салық органдарына, полицияға немесе басқа мемлекеттік құрылымдарға берілмейді.
«Барлық дерек «Мемлекеттік статистика туралы» Заңмен қорғалған және елдің аграрлық саласындағы жағдайды талдау үшін жалпыланған түрде ғана пайдаланылады. Санаққа қатысқан әрбір қызметкер ақпаратты жарияламау туралы міндеттемеге қол қояды және ақпаратты сақтау жүйелері ақпараттық қауіпсіздіктің барлық талабына сәйкес келеді», деді спикер.
Сондай-ақ, тамыз айында 1446 қысқа нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығы іске қосылады. Бұл желі ауыл шаруашылығы санағына қатысты мәселелер бойынша тәулік бойы жұмыс істейді. Азаматтар тіркеу кезіндегі техникалық ақаулар, сауалнамаларды толтырудағы қиындықтар немесе басқа да сұрақтар бойынша нақты жауап ала алады.