Оқиға • Кеше

Қытайлық спортшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайлық атлет әрі фитнес-инфлюенсер Лю Вэйцян әлемді таңғалдырған жаңа жетістікке қол жеткізді. Ол бір ғана ортаңғы саусағымен 144,72 келі салмақты көтеріп, Гиннестің рекордын жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайлық спортшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

Фото: Видеодан алынған кадр

Бұл көрсеткіш алдыңғы рекорд иесі Аруба спортшысы Эгмонд Молинаның 138,50 келілік нәтижесінен асып түскен. 

Лю Вэйцян бұған дейін де Гиннестің рекордтар кітабына кем дегенде сегіз рет енген. Міне, оның басқа да ерекше жетістіктері:

  • 27,2 кг салмақпен бір минутта ең көп итермелеу – 36 рет;
  • 36,2 кг салмақпен бір минутта ең көп тартылу – 25 рет;
  • 45,3 кг салмақпен бір минутта ең көп итермелеу (сақинада) – 20 рет;
  • Ең ауыр салмақпен тартылу – 109,2 кг;
  • Ең ауыр салмақпен трицепс итермелеу – 154,2 кг;
  • Ең ауыр салмақпен «шығу» (выход силой) – 44,3 кг;
  • 18,1 кг салмақпен бір минутта ең көп итермелеу– 55 рет;
  • 36 кг салмақпен жұдырықта бір минутта ең көп итермелеу – 72 рет.