Қоғам • 01 Тамыз, 2025

Елімізде ауыл шаруашылығы санағы басталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгіннен басталған санақ кезінде жиналған деректер еліміздегі ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайын, оның қалай дамып келе жатқанын, ондағы халықтың тұрмысын көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде ауыл шаруашылығы санағы басталды

Фото: silkwaytv.kz

Алғашқы онлайн-кезең 31 тамызға дейін жалғасады. Қатысу үшін sanaq.gov.kz сайтында ЭЦҚ, SMS-код немесе eGovMobile қосымшасындағы QR-код арқылы жүйеге кіруге болады.

Сайтта екі түрлі сауалнама орналастырылған. Біреуі – агрокәсіпорындарға, екіншісі – бау-бақшасы бар не мал ұстайтын үй шаруашылықтарына арналған. Сұрақтар ауыл шаруашылығы қызметінің барлық тұсын: жер мен техниканы пайдалану, еңбек ресурстары, ауыл шаруашылық өнімін өткізуді қамтиды.

sanaq.gov.kz сайтында сауалнаманы қалай толтыру керектігі туралы бейненұсқаулық, интерактивті көмекші және нақты уақыт режимінде сұрақтарға жауап беретін SANAQ мырза чат-боты жұмыс істейді.

Интернетке қосылмаған азаматтар үшін еліміз бойынша әкімдіктер мен аудандық статистика бөлімдерінде 2684 өзіне-өзі қызмет көрсету пункті ашылған. Сондай-ақ 1446 нөміріндегі байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді және техникалық сұрақтардан бастап сауалнаманың мазмұнына дейін кез келген мәселе бойынша кеңес береді.

Ұлттық статистика бюросы ауыл шаруашылығы санағына қатысушылар ұсынған барлық деректердің заңмен қорғалатынын және салық органдарына, полицияға немесе басқа мемлекеттік мекемелерге берілмейтінін хабарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025