
Фото: Видеоскрин, БҚО ПД
Орал – Атырау автожолында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Hyundai Accent көлігін тоқтатып, тексеру барысында рұқсат құжаттары жоқ бекіре тұқымдас (стерлядь) 10 балықтың бар екенін анықтаған және арнайы ау мен қармақтарды тәркілеген.
«Қызыл кітапқа енген және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келтірілген залал көлемі анықталып жатыр», делінген полиция хабарламасында.