Спорт • 01 Тамыз, 2025

Жаңажол Қуанышбек әлем чемпионы атанды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грекияның бас шаһары – Афинада ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы (U-17) әлем чемпионатын Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері бес жүлдемен қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңажол Қуанышбек әлем чемпионы атанды

Аталған медальдардың 1-еуі алтын, 2-еуі күміс және 2-еуі қола. Тарқатып айтсақ, 45 кг салмақ дәрежесінде күш сынасқан грек-рим күресі шебері Жаңажол Қуанышбек бас жүлдені олжалады. Аса шиеленісті финалдық сайыста ол қырғыз Нұркерім Құмарбековты 8:7 есебімен еңсерді. Оған дейін Жаңажол Болгария, Молдова және Иран балуандарын жолынан ығыстырған еді.

Ал Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг) мен Нұрәлі Асқар (55 кг) күміс алса, Шәміл Досбол (65 кг) мен Марлен Мейірбекұлы (71 кг) қола медальді иеленді. Нәтижесінде балғын балуандарымыз жалпы командалық есепте үшінші орынды иеленді. Ал бірінші және екінші орындарды Иран мен Өзбекстан құрамалары иеленді.

Бас жүлдені олжалағандар: 55 кг – Қуанышбек Жаңажол (Қазақстан), 48 кг – Буниод Хасанов (Өзбекстан), 51 кг – Отабек Тұрсынов (Өзбекстан), 55 кг – Әлихан Әбдірасылов (Қырғызстан), 60 кг – Әли Назаров (Әзербайжан), 65 кг – Янес Назарян (Армения), 71 кг – Бехрузбек Валиев (Өзбекстан), 80 кг – Абуләзиз Холмирзаев (Өзбекстан), 91 кг – Әмирсам Мохаммади (Иран) және 110 кг – Хардееп Хардееп (Үндістан). 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025