Заң • Кеше

Өскеменде заңсыз криптовалюта саудасымен айналысқан адам 2 жарым жылға сотталды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде заңсыз криптовалюта саудасымен айналысқан ер адам 1 жарым жылдың ішінде ішінде 144 млн теңгеден астам пайда көрген, деп жазады Egemen.kz.

Өскеменде заңсыз криптовалюта саудасымен айналысқан адам 2 жарым жылға сотталды

Қала тұрғыны лицензиясыз жұмыс істеп, Binance және TotalCoin платформалары арқылы цифрлық активтерді сатып алумен және сатумен айналысқан. Осылайша, ол 1,5 жыл ішінде 144 млн теңгеден астам табыс тапқан. 

Өскемен қалалық № 2 сотының мәліметіне сүйенсек, айыпталушы екі криптобиржаның мобильді қосымшасын жүктеп, верификациядан өткен. Жалған есімдермен тіркеліп, клиенттерден тапсырыс қабылдай бастаған. Ол операцияларды Bitcoin, USDT, Litecoin сынды криптовалюталар арқылы жүргізіп, ақшаны өзінің және таныстарының банктік шоттарынан шешіп отырды.

Тергеу барысында азаматтың Қазақстанда халықаралық «Астана» қаржы орталығының шегінен тыс жерлерде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен кез келген операция жасауға тыйым салынғанын білгені анықталды. Соған қарамастан айыпталушы қызметін тоқтатпаған және оны заңдастыруға әрекет жасамаған.

— Сонымен қатар ол бірнеше танысынан банкте шот ашуды сұрап, шынайы мақсатын жасырған. Кейін бұл шоттар арқылы клиенттердің қаражаттары аударылып отырған. Ал клиенттер операциялардың заңсыз екенінен мүлде бейхабар болды. Сот шешімімен айыпталушы 2 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектелді, — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, сотталушы бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген.