
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Облыста су – 5 магистральдық және 3 шаруашылықаралық канал арқылы кезекпен беріліп, егістіктердің 98 пайызы кезекпен суарылып жатыр.
Егістік алқаптарына су беруді жақсарту үшін сала министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі ирригациялық каналдарға жылжымалы сорғы қондырғыларын, яғни барлығы 324 агрегат орнатқан.
Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаровтың айтуынша «Қазсушар» филиалы жергілікті диқандармен су беру бойынша 1 015 келісімшарт жасасқан. Өңірде министрліктің жұмыс тобы суармалы судың әділ бөлінуіне мониторинг пен тұрақты бақылау жүргізіп жатыр.