Қоғам • Бүгін, 10:56

Мүгедектікті белгілеу бойынша 61 мыңнан астам өтінім сырттай қаралған

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде жыл басынан бері  еліміздің барлық өңірлерінен 61,9 мың өтінім қаралған. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Мүгедектікті белгілеу бойынша 61 мыңнан астам өтінім сырттай қаралған

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2024 жылы 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралған, бұл – куәландырудан өткен мүгедектігі бар жандардың жалпы санының 37,4 пайызы.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі екі ведомствомен атап айтқанда Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, барлық 20 өңірде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асырып жатыр.

Сала министрлігінің мәліметінше мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.

Сырттай куәландыруға көшу: әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды; МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді; мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді; көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.