
Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар
Оралдағы №2 жылу магистралін реконструкциялау жобасы шеңберінде ЖЭО коллекторынан бастап «Сити Центр» сауда үйі маңайына дейін төменге түсіру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылы басталған. Жылу магистралінің бұл учаскесі 1987 жылы пайдалануға берілген. Осы кезеңде көтергіш темірбетон конструкциялары, бекіту арматурасы біршама тозғаны анықталды.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, бұл учаскеде реконструкциялау жұмыстары 2025-2026 жылдары жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталады.
Жобаны жүзеге асыру тозған жылу желілерінің көлемін азайтып, ыстық су берудің өткізу қабілетін арттыруға және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Орал қаласының жылу желілерінің ұзындығы – 249 шақырым. Нысан өткен ғасырдың 70-80 жылдары пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта жылу магистралды желілерінің 50 пайызы тозған.