Технология • Бүгін, 12:35

Он сегіз жылда 3 миллиард iPhone сатылған

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Apple компаниясы 2007 жылдан бері дүние жүзінде 3 миллиард iPhone сатылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Он сегіз жылда 3 миллиард iPhone сатылған

Фото: ашық дереккөз

Компанияның бас директоры Тим Кук бұл туралы ресми түрде хабарлап, iPhone сатылымының жаңа рекордқа жеткенін айтты. Айта кетейік, Apple 2018 жылдан бері сатылым деректерін жарияламай келген. Бұған дейінгі ірі көрсеткіш 2016 жылы тіркеліп, ол кезде 1 миллиард iPhone сатылғаны хабарланған болатын.

Алғашқы iPhone 2007 жылдың 29 маусымында сатылымға шықты. Бұл құрылғы сол кезде ұялы телефон, музыкалық плеер және интернет құрылғысын бір гаджетке біріктірген алғашқы смартфон ретінде танылды. Содан бері компания жыл сайын жаңа модельдер ұсынып келеді.

Компания 2027 жылға дейін кемінде алты жаңа модель әзірлеуді көздеп отыр.