Экономика • Бүгін, 15:43

Ұлттық қор қаржысына бақылау күшейеді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет Ұлттық қор қаражатын пайдалану тәртібіне қатысты жаңа ережелерді бекітті, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық қор қаржысына бақылау күшейеді

Фото: ашық дереккөз

Бұл нормалар Жоғары аудиторлық палата ұсынған ұсынымдарға негізделген және қаржыны қайтару тәртібін нақтылайды. Атап айтқанда, дұрыс бағытталмаған қаражатты қайтару, пайдаланылмаған сомаға сәйкес есеп жүргізу және бұрын берілген бюджеттік несиелер мен облигациялардың қайта қолданылуын болдырмау жұмыстары қарастырылған.

Тиісті өзгерістер 2025 жылғы 2 шілдеде қабылданған үкімет қаулысында және Бюджет кодексіне енгізілген түзетулерде көрініс тапты.