Қазақстан • Кеше

Қазақстан ана өлімін төмендетуден алғашқы орындарда

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Үкімет отырысында ЮНИСЕФ балалар қорының Денсаулық сақтау және тамақтану жөніндегі бағдарламаларының жетекшісі Бауыржан Жүсіпов мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан ана өлімін төмендетуден алғашқы орындарда

Фото: Үкімет, телеграм

Халықаралық деңгейде ана мен нәресте өлім-жітімі көрсеткіштерін талдап, өңдеуді БҰҰ жүйесіндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), ЮНИСЕФ, Жаһандық даму банкі және басқа да серіктес ұйымдардың өкілдері кіретін ведомствоаралық топтар жүзеге асыратынын атап өткен Бауыржан Жүсіповтің айтуынша соңғы анализ көрсеткендей, Қазақстан ана мен бала өлім-жітімі бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген.

«Ана өлім-жітімі 2000 жылы 100 мың босануына 58 жағдайдан, 2023 жылы 9,6-ға дейін төмендеп, бұл 83,5%-ға қысқарды. Әлемдегі барлық ел арасында ана өлім-жітімінің төмендеу қарқыны бойынша Қазақстан 4-орында тұр. Нәрестелер өлім-жітімі 2000 жылы мың тірі туған нәрестеге шаққанда – 36 жағдай 2023 жылы – 7,8 жағдайға дейін төмендеді», деді Б.Жүсіпов.