Экономика • Бүгін, 09:48

2026 жылы бірнеше базар жабылуы мүмкін

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі кей базарлар 2026 жылға дейін жабылып қалуы мүмкін. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкіметтегі баспасөз жиынында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

2026 жылы бірнеше базар жабылуы мүмкін

Фото: ашық дереккөз

Оның сөзінше, қазіргі базарлардың біразы бей-берекет жұмыс істеп жатыр. Бұл көлеңкелі экономиканың дамуына жол ашуы мүмкін. Сондықтан мемлекет базарларды ретке келтіруді қолға алған.

«Базарларды жаңғыртуға арналған бағдарлама қабылданды. Арнаулы жол картасы бар – қандай базарлар қамтылатыны, олармен не істеу керек, бәрі көрсетілген. Егер 2026 жылға дейін сол базарлар жаңғыртылмаса, олар жұмысын тоқтатады», деді министр.

Яғни, егер базар иелері талаптарға сай жағдай жасамаса, инфрақұрылымды жақсартпаса, заңға сай қызмет етпесе онда оларды жабу қарастырылады.