
Фото: Qazsporttv
Қазақстанның 33 спортшысы джиу-джитсу, карате, самбо, спорттық құзға өрмелеу, жауынгерлік өнер, муай-тай, көркем гимнастика, бағдарлау, нысана көздеу сияқты 9 спорт түрі бойынша сайысады.
34 спорт түрі мен 60-тан астам жарыс түрі енгізілген биылғы ойындарға 118 елден 5 000-ға жуық спортшы қатысады деп күтіліп отыр.
Дүниежүзілік дода – Қытайдың Чэнду қаласында осы айдың 7-17 күндері аралығында өтеді.