
Фото: Qazsporttv
Отандасымыз Иван Пономарев аса тартысты өткен жұптық разрядта топ жарып, жасөспірімдер арасындағы алғашқы халықаралық титулын жеңіп алды.
Аталған доданың финалдық кездесуінде И.Пономарев швейцариялық теннисші Чарли Базильмен жұп құрып, қарсыластары – украиналық Родион Четвериков пен болгариялық Самуил Пешевті 4:6, 6:3, 10:7 көрсеткішімен ұтты.