Аймақтар • Бүгін, 11:11

Қызылордада ішімдік ішпейтін ауылдар көбейіп келеді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұрғындары өзара кеңесіп, арақтан бас тартқан ауылдар қатарында Арал ауданы Қосжар елді мекені бар. Ауыл ақсақалдарының бастамасымен ішімдікпен бірлесе күрескен елді мекенде 5 жылдың бедерінде бірде-бір қылмыс тіркелмепті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада ішімдік ішпейтін ауылдар көбейіп келеді

Аудан орталығынан 120 шақырым қашықтықта жатқан ауылда 94 шаңырақ түтін түтетіп отыр.

Ішкі істер министрлігі «Профилактика жылы: Полиция заң мен тәртіп күзетінде» деп жариялаған биылғы жыл аясында полиция инпекторлары жүргізген профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде Қармақшы ауданындағы Иіркөл елді мекені де «Алкогольсіз ауыл» атанып отыр.