Білім • Бүгін, 11:00

Биыл 733 ауыл мектебі жаңғыртылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір өңірлерде 267 мың орындық 232 мектеп салынып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Биыл 733 ауыл мектебі жаңғыртылды

Фото: bilimdinews.kz

2025-2026 оқу жылының басында 115 мың оқушыға арналған 83 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Жыл соңына дейін 140 мың орынға есептелген тағы 111 мектептің құрылысы аяқталады.

Мектептердің құрылысымен қатар, мектептерді жаңартудың ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Ол биыл 190 мың оқушы оқитын 245 мектепті қамтыды. Оның 145-і ауылдық жерлерде орналасқан. Жаңа оқу жылының басында 99 мың оқушыға арналған 127 мектепте жұмыстар аяқталады.

«2025 жылы 1 мың ауыл мектебін жаңғырту жоспарланды, онда 69 мыңнан астам оқушы оқиды. Қазіргі уақытта жоспар 733 мектепте немесе 73,3% орындалды», деді Ғани Бейсембаев.