Күрес • Бүгін, 12:02

Жәнібек Абу-Бәкір джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Чэнду қаласында XII Дүниежүзілік ойындар өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Жәнібек Абу-Бәкір джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Фото: Qazsporttv

Дүниежүзілік дүбірлі додада Қазақстан құрамасының спортшысы қоржынға алғашқы алтын медальді салды.

Джиу-джитсудан 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі отандасымыз Жәнібек Абу-Бәкір финалдық белдесуде Фарид Бен Әлиді (12:9) жеңіп, әлем чемпионы атанды.