Фото: freepik.com
Вице-премьер биылғы 7 айда 8,9 млн тонна астық пен ұн жөнелтілгенін айтты. Маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша астық баламасындағы экспорт 13 млн тоннаға жететіні болжанып отыр.
«Орталық Азия, Иран, Әзербайжан, Ресей, Балтық жағалауы және Қара теңіз арқылы өтетін астық экспортының көлемі артты. Сондай-ақ Марокко, Алжир және Вьетнамға отандық өнім жеткізіле басталды», деп нақтылады Серік Жұманғарин.
Сонымен қатар вице-премьер өсімдік майларының экспорты 7 айда 384,6 мың тоннаға жеткенін, бір жылға болжам – 670 мың тоннаға жуық екенін атап өтті.